Пиза мұнарасы түзулене бастады

Пиза мұнарасы түзулене бастады © REUTERS/Clarissa Cavalheiro

Пиза мұнарасы соңғы 17 жылда төрт сантиметрге түзуленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ескерткіштер кешенінің өкілінің айтуынша, мұнараның жағдайын бірнеше адам бақылап отырады.

"Бізде мұнараның жағдайын бақылап отыратын бір топ зерттеуші бар. 20 жыл жүргізілген жұмыстын қорытындысы бойынша олар мұнараның бұрынғыдан қарағанда түзуленіп, тұрақты болып жатқанын анықтады", - дейді Сальваторе Сеттиса.

Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, ол мұнараның екі ғасырға жаңарғандай екенін айтады.

Пиза мұнарасы - 12-14 ғасырлардағы Италиядағы роман-готика сәулетінің ескерткіші. Мұнара Пиза қаласында орналасқан. Ол 1173-1174 жылдардан бастап қисая бастаған.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама