Қазақстан мен Куба азаматтардың визасыз сапары жөнінде келісім жасасты

Қазақстан мен Куба азаматтардың визасыз қысқа мерзімді сапары жөнінде келісім жасасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ-ге сілтеме жасап.

16 желтоқсанда Гаванада Қазақстанның Кубадағы елшісі Константин Жигалов пен Куба сыртқы істер министрінің орынбарасы Рохелио Сиерра Қазақстан мен Куба азаматтарының қысқа мерзімді визасыз сапары жөнінде үкіметаралық келісіміне қол қойды.

"Тараптардың ортақ пікірі бойынша, визасыз режимді ырықтандыру адамдар арасындағы байланыстың нығаюына, туристер ағымының өсуіне, сонымен қатар, екі ел арасындағы экономикалық байланыстың күшеюіне ықпал етеді", - делінген ведомствоның хабарламасында.  

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама