ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 05 қаңтар 2017 09:26
The New York Times 2017 жылы Қазақстанға баруға кеңес береді
Америкалы? The New York Times басылымы 2017 жылы бару?а ке?ес беретін ?лемні? 52 мемлекетін аны?тады. Рейтингте 26-орын?а т?ра?та?ан ?аза?стан да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Америкалық The New York Times басылымы 2017 жылы баруға кеңес беретін әлемнің 52 мемлекетін анықтады. Рейтингте 26-орынға тұрақтаған Қазақстан да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Басылымның мәліметінше, 2017 жылы Қазақстан астанасында халықаралық EXPO-2017 көрмесі өтеді. Көрменің тақырыбы - "Болашақ энергиясы". Жарияланған материалда Астанада соңғы жылдары ашылған таңғажайып мейманханалардың көптігі айтылады. Сондай-ақ, рейтинг авторы Тянь-Шань тауларын да атап өтті.
Ал рейтингтегі келесі ондықтың ішінде Канада, Чилидегі Атакама шөлі, Үндістандағы Агра қаласы, Швейцариядағы Церматт шипажайы, Ботсвана, Хорватиядағы Дубровник қаласы, Американың Вайоминг штатындағы Гранд-Титон ұлттық саябағы, Мексикадағы Тихуана, Мичигандағы Детройт пен Германиядағы Гамбург бар.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу