ПОДЕЛИТЬСЯ
08 маусым 2018 | 14:53
"Заманауи жібек жолы" жобасы: Түркиялықтар Қазақ елін тануға құмар
Түркі кеңесінің Туризм бойынша жұмыс тобы Алматыда кездесті. Түркі кеңесіне мүше елдер арасындағы туризм саласын дамыту мақсатында қолға алынған "Заманауи Жібек жолы" жобасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркі кеңесінің Туризм бойынша жұмыс тобы Алматыда кездесті. Түркі кеңесіне мүше елдер арасындағы туризм саласын дамыту мақсатында қолға алынған "Заманауи Жібек жолы" жобасы.
Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Өмер Коджаманның айтуынша, 2014 жылы Бодрумда өткен Түркі кеңесінің саммитінде қабылданған шешімге сәйкес, Қазақстан, Түркия, Қырғызстан мен Әзірбайжанның тарихи-мәдени мұраларын әлемдік деңгейде насихаттай отырып, аталған елдердің турзим саласын дамыту мақсат етілген.
"Халықаралық туризм нарығындағы соңғы үдеріс - туристер жағажай, теңізбен шектелмей, шет елдердегі мәдени мұраларды тануға ұмтылады. Бұл орайда, Қазақстандағы Алматы, Тараз, Шымкент пен Түркістандағы тарихи ескерткіштер, Арыстан Баб, Ақсақ Темір, Қожа Ахмет Йассауи сияқты әлемге танымал тұлғалар, Орта Азияға тән архитектура жатжұрттықтардың қызығушылығын тудыратынына сенімдіміз. Біз ұсынатын туристік пакеттің бағасы Еуропа мен Америка нарығындағы бағамен салыстырғанда едәуір арзан. Ал Түркия мен басқа елдер үшін туристердің қалтасына салмақ түсірмейтін баға қарастырылып жатыр", - дейді Өмер Коджаман
Өмер Коджаман туризм жобасын іске асыратын туристік операторлар Түркі Кеңесіне мүше елдердің Туризм және Мәдениет министрліктерінің ұсынуымен қабылданғанын, сондықтан әр елді танытуда кәсіби мамандар жұмыс істейтінін жеткізді.
Отырыста Түркияның Алматыдағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз мырза уақыт өткен сайын Түркияны көруге құштар Қазақстан азаматтарының қатары артып келе жатқанын, Түркия тарапынан да Қазақ елін тануға ұмтылатындар саны өскенін айтты.
"Заманауи Жібек жолы" жобасы түркі елдерінің бір біріне танылуына, насихатталуына сеп болары анық. Жыл сайын 40 миллионға жуық шетелдік турист келеді. Туризмнен 2017 жылы мемлекеттік бюджетке 37 миллиард доллар кіріс кірді. Туризм саласы Түркиямен бірге Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстанда да жақсы дамып келе жатыр", - деді Бас консул.
Түркі Кеңесіне мүше елдердің арасында Түркияның туризмі жақсы дамыған. Түркияның Қазақстандағы Туризм атташесі Нури Шимшеклердің хабарлауынша, соңғы жылдары шетелдік туристер теңіз бен жағажай үшін ғана емес, денсаулық туризмі, жайлау, спорт туризмі қызығады.
"Түркияның Кастамону қаласы 2018 жылдан бастап "Түркі әлемінің мәдени астанасы" атанған. Сонымен қатар, туризмді басты кіріс көзіне айналдырған түріктер 2018 жылды "Туризм жылы" - деп атап, астанасы етіп Троя қаласын бекітті. Біз қазақ бауырларымызды Кастамонуға, Конья, Сивас, Трояға, сиқырлы Стамбұлға қонаққа шақырамыз. Сіздер үшін есігіміз әрдайым ашық. Алдын ала болжам бойынша, биыл Қазақсаннан Түркияға 500 мыңнан астам қонақ келеді деп отырмыз", - деді Нури Шимшеклер.
"Заманауи Жібек жолы" жобасы туралы толық ақпаратты мына жерден көре аласыздар.
Показать комментарии
Читайте также