АҚШ сенаты Қазақстан тумасын жоғары лауазымға бекітті

АҚШ сенаты Қазақстан тумасын жоғары лауазымға бекітті Фото: instagram.com/kz_in_usa

АҚШ сенаты Словениядағы Америка елшісі қызметіне Әсел Робертстің кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

АҚШ сенаты Словениядағы Америка елшісі қызметіне Әсел Робертстің кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы ақпарат 18 мамырда өткен дауыс беруден кейін сенаттың веб-сайтында жарияланды.

Айта кетейік, ол Америка Құрама Штаттарының тарихында елші лауазымына бекітілген алғашқы этникалық қазақ болды.

Жарнама
Жарнама

Биыл ақпан айында АҚШ Мемлекеттік департаменті Сенаттың Халықаралық қатынастар комитетіне арналған баяндама дайындады. Онда Әсел Робертстің Мемлекеттік департаменттің Протокол басқармасында аға кеңесші қызметін атқаратыны көрсетілген. Ол бұл басқармада 20 жылға жуық қызмет етіп, жұмыс барысында АҚШ-тың бірнеше құрлықтағы дипломатиялық миссияларымен өзара іс-қимылды сәтті үйлестіріп, көптеген шет мемлекеттің өкілдерімен келіссөздер жүргізген.

Протокол басқармасында Әсел Робертс әртүрлі лауазымдарды атқарды, соның ішінде протокол басшысының міндетін атқарушы, басшының сапарлар жөніндегі көмекшісінің орынбасары және дипломатиялық мәселелер жөніндегі протокол қызметінің маманы болды деп көрсетілген. Сондай-ақ ол Ақ үйде АҚШ Вице-президентінің аппаратында жұмыс істеген.

2020–2021 жылдардағы билікті өткізу кезеңінде протокол басшысының міндетін атқарудан бөлек, Әсел Робертс бес президенттік әкімшілікпен қызметтес болып, халықаралық саммиттер мен жоғары деңгейдегі кездесулерді ұйымдастыруға қатысқан.

"Басқарудағы терең тәжірибесі, тұлғааралық қарым-қатынастағы үздік дағдылары, АҚШ елшіліктеріндегі бұрынғы жұмысы және Президент атынан әрекет ету қабілеті Робертс ханымға АҚШ-тың Словениядағы елшісі лауазымын иеленуге мүмкіндік береді", - делінген хабарда.

Ол Джорджтаун университеті жанындағы Эдмунд Уолш атындағы Дипломатиялық қызмет мектебін бітіріп, халықаралық құқық және халықаралық ұйымдар саласында бакалавр дәрежесін алған. Қазақ, ағылшын, орыс және жапон тілдерін меңгерген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама