АҚШ тәуелсіздігінің мерейтойына орай америкалық паспорттарда Трамптың бейнесі пайда болады

АҚШ тәуелсіздігінің мерейтойына орай америкалық паспорттарда Трамптың бейнесі пайда болады Фото:depositphotos.com

АҚШ Мемлекеттік департаменті ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай Америка төлқұжаттарының шектеулі сериясын шығарады. Төлқұжаттардың жаңа дизайнында мұқабаның ішкі бетінде президент Дональд Трамптың суреті бейнеленген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fox News арнасына сілтеме жасап.

АҚШ Мемлекеттік департаменті ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай Америка төлқұжаттарының шектеулі сериясын шығарады. Төлқұжаттардың жаңа дизайнында мұқабаның ішкі бетінде президент Дональд Трамптың суреті бейнеленген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fox News арнасына сілтеме жасап.

Макеттерде Трамп Тәуелсіздік декларациясы мәтіні мен Америка туының аясында бейнеленген, қасында президенттің алтын түстес қолтаңбасы орналасқан. Басқа бетте Тәуелсіздік декларациясына қол қою сәтіне арналған әйгілі туынды көрсетілген.

Осы жазда шығарылатын төлқұжаттар - Трамп әкімшілігінің ауқымды "Америка250" бағдарламасының бір бөлігі. Мерекелеу аясында маусым айында Ақ үйдің оңтүстік көгалдарында UFC турнирін және тамызда Ұлттық аллеяда Гран-при жарысын өткізу жоспарланған.

Жарнама
Жарнама

"Шілде айында Америка Құрама Штаттары өзінің 250 жылдығын атап өтетіндіктен, Мемлекеттік департамент осы тарихи оқиғаның құрметіне арнайы безендірілген төлқұжаттардың шектеулі санын шығаруға дайындалып жатыр", - деп мәлімдеді Мемлекеттік департаменттің өкілі Томми Пиготт.

Оның айтуынша, төлқұжаттар өзіндік дизайнымен және жетілдірілген графикасымен ерекшеленеді, сонымен бірге оларды "әлемдегі ең қорғалған құжатқа" айналдыратын қауіпсіздік функциялары сақталады.

Мерейтойлық Америка төлқұжаттарының мұқабасы аздап өзгереді. United States of America деген жазу үлкейтіліп, төлқұжаттың жоғарғы бөлігіне, елтаңбаның үстіне орналастырылады. Артқы мұқабасында Америка туы бейнеленіп, 1777 жылғы үлгідегі тудың 13 жұлдызының ортасына 250 саны қойылады.

Мемлекеттік департамент өкілі бағдарлама басталғаннан кейін құжат рәсімдеуге өтініш берген АҚШ азаматтары жаңа төлқұжаттарды ала алатынын хабарлады. Құжаттар қоры таусылғанша қолжетімді болады. Арна ақпаратынша, бағдарлама шілде айында іске қосылады деп күтіледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама