01 сәуір 2014 10:08

Алясканың Ресейге қосылуына 36 мың америкалық дауыс берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ru-an.info ©Ru-an.info

Ақ үйдің сайтында жарияланған Алясканың Ресейге қосылуы туралы петицияға 36 мың америкалық дауыс берді. АҚШ билігі бұл мәселені қарастыруы үшін петиция 20 сәуірге дейін 100 мың қол жинауы керек.


Ақ үйдің сайтында жарияланған Алясканың Ресейге қосылуы туралы петицияға 36 мың америкалық дауыс берді. АҚШ билігі бұл мәселені қарастыруы үшін петиция 20 сәуірге дейін 100 мың қол жинауы керек.

Үндеуде Сібір тұрғындарының өте ежелгі дәуірлерде-ақ Аляскаға Беринг бұғазы арқылы барғаны айтылған. Аляскаға 1732 жылдың 21 тамызында барған ресейліктер түбекте ең алғаш болған еуропалықтар саналады. 

Ресей 1867 жылдың 30 наурызында АҚШ-қа Алясканы сату туралы шартқа қол қойды. Аумақтың 1,5 млн шаршы шақырымы үшін Құрама Штаттар алтынмен 7,2 млн доллар төледі. Ол кезде Ресей үшін мұндай алыс әрі дамымаған аймақты империя құрамында ұстауға қажеттілік болмады.

Тарихи келісімшарттың жасалғанынан 1,5 ғасыр өтсе де, сарапшылар ол құжатқа наразылық келтіруге болатынын айтады. "Бұл шарт Ресей империясының заңдарына қайшы келді. Біз келісімшарттың күшін жоюға талап арыз бере аламыз. Біз талап арызды дайындаумен және құқықтық негізін жасаумен айналысатын сарапшылар тобын құрамыз", - деп мәлімдеді саясаткер, жазушы Иван Миронов LifeNews-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, 22 наурызда Ресейдің Еуропа одағы жанындағы тұрақты өкілі Владимир Чижов америкалық сенатор Джон Маккейнге қалжыңдап, "Аляскаға көз қырын салып қоюға" кеңес берген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети