Америкалық тұрғын лотереядан бір күнде екі рет миллион доллар ұтып алды

Джо Б. Фото: Colorado Lottery

Америкалық Колорадо штатының Пуэбло қаласында ер адам лотереядан бір күнде екі рет миллион доллар ұтып алды. Бұл туралы Colorado Lottery сайтында жазылды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Америкалық Колорадо штатының Пуэбло қаласында ер адам лотереядан бір күнде екі рет миллион доллар ұтып алды. Бұл туралы Colorado Lottery сайтында жазылды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Жергілікті KKTV телестанциясының мәліметінше, құмар ойындарды жақсы көретін тұрғын өзін Джо Б. деп атаған. Ол соңғы 30 жыл бойы лотерея билетіне сандар комбинациясын өзгертпей жазғанын айтады - 5-9-27-39-42. 

25 наурызда ол кезекті рет ұтыс ойынға қатысқан. Екі түрлі дүкеннен Powerball билеттерін сатып алған ол екі рет миллион доллар ұтып алды. 

27 сәуірде Джо лотереяның штаб-пәтеріне келіп, жүлдесін алып кеткен. Сол кезде ұйымдастырушылар Джоның ұтысымен суретке түсіріп алған. Америкалық тұрғын ақшаны қайда жұмсайтынын айтқан жоқ. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная