ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 20 наурыз 2014, 20:54
Барак Обама әлем елдерін Наурыз мерекесімен құттықтады
АҚШ президенті Барак Обама өзінің бейнеүндеуінде әлем елдерін Наурыз мейрамымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz."Мен сіздерді көктем мерекесі - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақ-береке тілеймін. Бұл мереке күні көптеген әлем халықтары дастарқан басында отырып, бір-бірлеріне ізгі-тілектерін айтып, көктем мерекесінен зор мүмкіндіктер күтеді", - деді Барак Обама өзінің үндеуінде. Еске саламыз, Қазақстанда Наурыз мейрамы 21-і мен 23-інде мемлекеттік мереке ретінде аталып өтеді. Мейрам қарсаңында түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалар болады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии