Байден өз рейтингі төмендегеніне байланысты пікір білдірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

АҚШ президенті Джо Байден өз рейтингі төмендегеніне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KTSM 9 News сайтына сілтеме жасап.

АҚШ президенті Джо Байден өз рейтингі төмендегеніне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KTSM 9 News сайтына сілтеме жасап.

Байден WKRC-TV-ге берген сұхбатында USA Today газеті мен Саффолк университеті жасаған кейінгі сауалнаманың нәтижелері өз рейтингі төмендегенін (37,8 пайыз) көрсететінін айтқан. Алайда сауалнама нәтижесі көрсеткен сандар "өсуі де, құлдырауы да мүмкін" екенін атап өтті.

"Студияға кірер алдында басқа БАҚ-тан көрген сауалнама нәтижелері рейтингімнің төмендегенін көрсетеді, бірақ олардың қатынасы 48-ден 52-ге дейін", - деді Байден.

Америкалық көшбасшының айтуынша, ол сайлау жарысына қатысқанымен, әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелерін басшылыққа алмаған.

"Қоғамдық сауалнама нәтижесінде президенттікке үміткер болған жоқпын", - деді ол.

Бұған дейін Трамп Байденді тарихтағы ең нашар президент деп атаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная