ФБР Ақ үй маңындағы UFC турнирінде дрондармен жасалмақ болған терактінің алдын алды

ФБР Ақ үй маңындағы UFC турнирінде дрондармен жасалмақ болған терактінің алдын алды Фото: instagram.com/UFc

АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы (ФБР) ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану арқылы террорлық акт жасауды көздеген ауқымды қастандықтың жолын кесті. Шабуыл Ақ үйдің оңтүстік алаңында ұйымдастырылған UFC Freedom 250 турнирі кезінде жоспарланған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fox News телеарнасы сілтеме жасап.

АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы (ФБР) ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану арқылы террорлық акт жасауды көздеген ауқымды қастандықтың жолын кесті. Шабуыл Ақ үйдің оңтүстік алаңында ұйымдастырылған UFC Freedom 250 турнирі кезінде жоспарланған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fox News телеарнасы сілтеме жасап.

Жолы кесілген қастандықтың егжей-тегжейі

ФБР директоры Каш Пательдің айтуынша, қаскөйлер спорттық шара өтетін аймаққа жарылғыш заттар тиелген бірнеше дрон ұшыруды ниет еткен.

Жарнама
Жарнама

Арнайы қызмет өкілдері хат-хабарларды қолға түсіру арқылы қылмыстық топтың ізіне түсе алды. Қастандық жасаушылардың іс-әрекетін үйлестіру Signal мессенджеріндегі 20-дан астам адам мүше болған жабық және шифрланған чаттарда жүргізілген.

Арнайы операция және ұстау шаралары

Күдіктілерді жедел өңдеудің белсенді кезеңі 10 маусымда басталды. Құқық қорғау органдары топ мүшелерін жасырын бақылап, шабуылға дайындық кезеңдерін тіркеп отырды.

Бірнеше штат аумағында бір мезгілде өткен ауқымды үйлестірілген арнайы операция нәтижесінде істің негізгі фигуранттары қамауға алынды. Күштік құрылымдар террористік ұяшықтың көзін толық жойып, қауіптің дайындық кезеңінде-ақ бетін қайтарды, сөйтіп жарылғыш заттардың үкіметтік кешенге жеткізілуіне жол бермеді.

Бұған дейін АҚШ үкіметі Ақ үй аумағында өтетін UFC Freedom 250 турнирін өткізуге кедергі келтіру әрекетіне қатаң жауап берген болатын. Жексенбіде өткен және президент Дональд Трамптың 80 жылдығымен тұспа-тұс келген шараны тоқтатуды талап еткен Вирджинияның екі тұрғынының талап арызына жауап ретінде АҚШ Әділет министрлігі егжей-тегжейлі меморандум дайындады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама