26 қазан 2014 10:47

Геннадий Головкин британдық Мартин Мюрреймен жекпе-жекке шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. Фото yvision.kz сайтынан алынды Геннадий Головкин. Фото yvision.kz сайтынан алынды

Орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) аталымдарында әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін британдық боксшы Мартин Мюрреймен өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) аталымдарында әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін британдық боксшы Мартин Мюрреймен өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

K2 Promotions және Golden Gloves промоутерлік компаниялар екі боксшы жекпе-жегін өткізуге өз келісімдерін берген. Жекпе-жек 2015 жылы 21 ақпанда Монакода өтетін болады. Орта салмақта әлем чемпионы атағынан бұрынғы үміткер Мартин Мюррей кәсіби бокста 29 кездесу өткізсе, қарсыластарынан бір рет жеңіліп, бір рет тең түскен. Және ол 12 кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған екен.

Геннадий Головкинмен арада өткелі отырған жекпе-жекке байланысты пікір білдірген британдық "Мен орта салмақтағы кез келген боксшыны жеңе аламын". "Егер мен өз өзіме сенбесем, бұл кездесуге келісімімді бермес едім. Геннаның бұған дейінгі қарсыластары рингке жеңіліп барып шыққанын айта кетуіміз керек. Ал менің жөнім бөлек", - деді 32 жастағы боксшы.

Еске саламыз, Геннадий Головкин өзінің соңғы жекпе жегін қазанның 19-ы күні АҚШ-та өткізген болатын. Ол уақытта Гена өз қарсыласын Марк Антонио Рубионы екінші раундта-ақ нокаутқа жіберген болатын. Соның арқасында Гена өз салмақта WBA (Super) және IBO-дан бөлек WBC аталымының уақытша чемпион атағын қоса ұтып алған болатын. Сол жеңістен кейін Головкин P4P рейтингінде үздік нокаутерлар тізімінде өз жағдайын біршама жақсартып алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети