Калифорния жағалауынан ресейлік ұшақтар байқалды - АҚШ

©РИА Новости

АҚШ Әскери әуе күштерінің басшысы Герберт Карлайл Азия-Тынық мұхиты аймағында ресейлік әуе қорғанысы күштерінің белсенді бола бастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Haaretz.com.

Карлайлдың айтуынша, Калифорния жағалауы мен Тынық мұхитындағы Гуам аралы маңынан ресейлік ұшақтар көрінген. Сонымен бірге, Жапон аралдары мен Оңтүстік Корея төңірегінде де ресейлік әуе патрульдерінің саны күрт көбейген.

АҚШ ӘӘК басшысы Ресей осылайша барлау жүргізіп әрі Украина жанжалына байланысты күштерін паш етіп жатыр деп есептейді. Ол Украинадағы оқиғалардың АҚШ, Азия-Тынық мұхиты аймағы және Еуропа үшін басты мәселе болып отырғанын атап өтті.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2007 жылы ресейлік бомбалаушы ұшақтар 1992 жылы тоқтатылған НАТО әуе кеңістігіндегі жаттығуларын жандандырған болатын. Ол кезде Ресей президенті Владимир Путин бұл қауіпсіздік кепілі үшін қажет деп түсіндірді. 

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама