Нью-Йоркте зәулім ғимарат опырыла бастады: көрші ғимараттардағы адамдар эвакуацияланды

Нью-Йоркте зәулім ғимарат опырыла бастады: көрші ғимараттардағы адамдар эвакуацияланды Фото: nyc.gov

Нью-Йорк орталығында 33 қабатты зәулім ғимарат опырыла бастады. Бұрын мұнда Pfizer фармацевтикалық компаниясының штаб-пәтері орналасқан болатын, ал қазір ғимарат тұрғын үйге айналдырылып жатыр. Бұл туралы Нью-Йорк өрт сөндіру қызметі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

Қалалық өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, ғимараттың бес қабаты ішінара опырылған.

"21-ден 26-қабатқа дейінгі аралықта ішінара құлау болды", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Сейсенбі күні таңертең Мидтаун-Ист ауданындағы осы ғимараттан, сондай-ақ көршілес бірнеше нысаннан адамдар эвакуацияланды. Маңайдағы көшелер жабылды.

Forbes хабарлауынша, қала мэрі Зохран Мамдани эвакуациядан кейін бірнеше сағат өтсе де, ғимараттың әлі де қауіпті екенін мәлімдеді.

Мамдани Нью-Йорк тұрғындарын "бұл аймақ қауіпсіз деп танылмайынша, одан аулақ болуға" шақырды.

Мэрдің айтуынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген, барлық құрылысшы табылды және олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұл ғимаратта Pfizer компаниясы орналасқан еді. 2016 жылы компания Нью-Йорктен жаңа кеңсе табу үшін нысанды сатқан. Бұл ғимаратты тұрғын үй ретінде қайта жабдықтау туралы шешім қабылданған. Опырылу нақ осы жөндеу жұмыстары кезінде болған. Инвесторлар бұл жобаны қала тарихындағы осы тектес ең ірі бастама болады деп мәлімдеген еді.

Қазіргі уақытта ғимаратты тұрақтандыру шаралары жүріп жатыр, алайда мамандар оны сақтап қалу мүмкін емес, сондықтан зәулім үйді бұзуға тура келеді деп қауіптенеді.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама