Қытайдың 6000 турисі АҚШ-қа ұшып келді

Лос-Анжелес әуежайында қытайдан келген туристер Фото scmp.com сайтынан алынды

Қытайдан АҚШ-қа саны жағынан бұрын соңды тіркелмеген туристік топ келді, деп хабарлайды South China Morning Post. Туристік топқа 6 мың қытай азаматы кіреді, ал оларды тасымалдау үшін 70 әуерейстері қажет болыпты.

Лос-Анжелестегі сауда орталықтарының бірі Азиядан келген туристерді қарсы алу мақсатында еденге қызыл кілемше төсепті. Қытайдан келген туристер жүздеген топқа бөлініп, жеке жеке бағдарлама бойынша саяхаттайтын болады.

АҚШ-қа сапарлаған туристердің негізгі бөлігі қытайлық Perfect компаниясынада жұмыс істейді. Басылымның хабарлауынша, бұл компания бұған дейін де өз қызметкерлерін Канада, Австралия, Таиланд, Малайзия мен Гонконгқа алып шыққан болатын.

Реклама
Реклама

АҚШ-тың сауда департаменті таратқан мәліметке қарағанда, 2013 жылы елге 1,8 миллион қытай азаматы турист ретінде келіп кетіпті. Қытайдан келген әр турист барған еліне орта есеппен 10 доллар тастап кетеді екен.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама