12 қараша 2020 10:22

Трамп сайлауда жеңілгенін мойындамайды - БАҚ

Дональд Трамптың бірнеше кеңесшісі ол президенттік сайлау нәтижелеріне қарсы шығуды тоқтата алады деп сенеді, бірақ барлық дауысты санағаннан кейін де өзінің жеңілісін мойындамайтынын айтады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұндай мәліметті жағдаймен таныс дереккөздерге сілтеме жасаған NBC News телеарнасы таратқан.

Реклама
Реклама

"Ол мойындайды деп күтпеңіздер. Ол: "Біз нәтижеге сене алмаймыз, бірақ мен нәтижеге қарсы шығуды тоқтатамын" деп айтады", - деді оның кеңесшілерінің бірі.

Телеарна мәліметінше, Трамптың кейбір кеңесшісі оның жеңгеніне әлі де сенеді және оның күресу әрекеттерін қолдайды, бірақ олардың саны біртіндеп азайып келеді.

Сонымен қатар, президенттің көптеген жақтасы Трампты әрі қарай жүруге сендіруге күш салып жатқаны атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram