"100-ге жуық сарбаз қаза тапты": АҚШ бастаған коалиция күштерінің жақтастарына шабуыл жасаған

Иллюстрациялық сурет © interfax.ru

А?Ш баста?ан коалиция к?штеріні? ?уе со??ысы салдарынан Сирия ?кіметіні? ж?зге жуы? сарбазы ?аза тапты, - деп хабарлайды РИА Нововсти сайты ABC арнасына сілтеме жасап. 

АҚШ бастаған коалиция күштерінің әуе соққысы салдарынан Сирия үкіметінің жүзге жуық сарбазы қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Нововсти сайты ABC арнасына сілтеме жасап. 

Бейсенбіге қараған түні альянс "Сирияның демократиялық күштері" (SDF) штабына үкіметке жақтас күштердің шабуыл жасағанын хабарлаған. Хабарламада соққының "ДАЙШ-ке (Қазақстанда тыйым салынған) қарсы күресіп жатқан серіктестер тарапынан агрессия актісін тойтару үшін жасалғаны" айтылған. 

Атын атамауды сұраған америкалық шенеуніктің телеарнаға айтуынша, коалиция авиация мен артилерияны қолданған. Сонымен қатар, Т-54 және Т-72 танкілерімен де соққы жасалыпты. 

Реклама
Реклама

Шенеунік коалицияның шұғыл телефон арқылы ресейлік офицерлерді ескерткенін атап өтті. 

Ресми Дамаск бұл ақпаратқа қатысты ешқандай мәлімдеме жасмады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама