12 жастағы қыз 45 жастағы еркекке тұрмысқа шықты

Фото: elements.envato.com

Индонезияда 12 жастағы 45 жастағы ер адамға тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Asianetnews-ке сілтеме жасап.  

Индонезияда 12 жастағы 45 жастағы ер адамға тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Asianetnews-ке сілтеме жасап.  

Қыздың ата-анасы қаржылай қолдау көрсеткен 45 жастағы еркекке алғыс ретінде баласын тұрмысқа берген.

Реклама
Реклама

Ер адамның 3 әйелі бар. Алайда ол бұған қарамастан үйленуге келісім беріп, діни рәсім өткізген. 

Индонезия үкіметі мұндай некені мойындамайды. Бірақ елде осыған ұқсақ некелерді жиі кездестіруге болады.

12 жастағы қыздың ата-анасы оның ағасы мен әпкесі екен. Олардың айтуынша, мұндай неке - алғыс білдірудің ең жақсы әдісі.

Бұл жаңалықты естіген қыздың туған ата-анасы полицияға шағым түсірді. 45 жастағы еркек өгей ата-анаға қыздың оқуына ақша төлеп, оны емдеуге көмектесіпті.

"Ер адам үнемі кішкентай қызымыздың жанында жүреді. Полиция бұл істі тіргеп, медициналық куәландыруды жүргізге міндетті", - дейді қыздың туған ата-анасы.

Индонезияда 19 жасқа толғанда ресми түрде некеге тұруға болады. Алайда елдегі қоғамдық ұйымдар 2018 жылы миллионнан астам балалар некесін тіркеген.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, ата-аналар қарыздарын төлеу үшін балаларын үйлендіруге жиі мәжбүрлейді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная