03 маусым 2022 | 08:40

12 жыл бұрын ұрланған бала Мәскеуден табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Паша мен Миша Фото: әлеуметтік желіден

Мәскеуде 12 жыл бұрын ұрланған бала табылды. Бұл туралы "Комсомольская правда" жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәскеуде 12 жыл бұрын ұрланған бала табылды. Бұл туралы "Комсомольская правда" жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, жақында Ресей астанасындағы ХҚК қызметкері жасөспірімге төлқұжат алу үшін құжаттарды рәсімдеу кезінде оған баланың ұрланғаны және федералды іздеуде екендігі туралы хабарлама келген. Ол дереу полицияға хабарласқан.

Келген жедел уәкілдер баланың шамамен 12 жыл бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы Павел екенін анықтаған. 

Реклама
Реклама

"Полиция бөліміне із-түзсіз жоғалып, федералды іздеуде жүрген 2007 жылы туған кәмелетке толмаған Павел К. жеткізілді. Баланы іздеу ісі 2010 жылы, бала небәрі үш жаста болғанда басталған болатын. Оны әкесі ұрлап кеткен, кейіннен РФ Қылмыстық кодексінің 126-бабы "Адам ұрлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы уақыт бойы бала іздеуде болды", - дейді құқық қорғау органдары.

Полиция баланы Ресейдің түкпір-түкпірінен іздеген, бірақ нәтиже болмаған. Әкесі ұлын Минск қаласына апарып, олар осы 12 жыл бойы сонда тұрғаны белгілі болды.

Баланың айтуынша, оған қатысты заңсыз әрекеттер жасалмаған. Полиция қазір отбасының жағдайын анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная