ПОДЕЛИТЬСЯ
11 наурыз 2023 | 14:49
"120 адамды мерт қылған". Бақа сияқты қанышер отырған түрме турситтік орынға айналды
Мексиканың Ислас Мариас аралында кезінде ең қауіпті қылмыскерлер қамалған, ал кейін қараң қалған түрме туристтік орынға айналды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мексиканың Ислас Мариас аралында кезінде ең қауіпті қылмыскерлер қамалған, ал кейін қараң қалған түрме туристтік орынға айналды.
Daily Star мәліметінше, кезінде әйгілі Алькатрасқа теңелген Ислас-Мариас түрмесінен қашып кету мүмкін болмаған екен. Өйткені ең жақын Масатлан қаласына дейін қайықпен ғана бес сағат жүзу керек, ал арал Тынық мұхитында орналасқандықтан онда акулалар көп.
2019 жылы жабылған түрме үш жыл өте аумағы толықтау күзетілетін биоқорық және экскурсиялық туристтік орын ретінде ашылды.
Бұл түрмеде қанішерлікпен аты шыққан талай қылмыскер жазасын өтеген, алайда олардың ішінде аты аталса ат үркетін біреу болды - ол Эль Сапо (құрбақа) лақап атты Хосе Ортис Муньос. Ол тоғыз жасынан адам өлтіре бастаған екен. Ең бірінші ол мұғалім ерекше жақсы көретін оқушының жүрегіне циркуль тығып алыпты. Одан кейін оның қолынан 120 адам мерт болған. 1946 жылы ол 30 жылға сотталады. Ал тарап кеткен аңыз бойынша ол Мексика үкіметінің жалдамалы баскесері болған, ол халық шеруі кезінде 100 шақты адамды атып өлтірген деседі. Одан кейін христиан дінін қабылдап, күнәларына өкініпті-мыс. Ақыры беті бақаға ұқсайтын қылмыскерді камерада бірге отырғандар өлтірген екен.
Енді жабылып қалған түрме орнын Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор туристтік орынға айналдыру туралы шешім шығарып, бұл орын АҚШ-тағы әйгілі Альктрас сияқты болады деген үміт бар деседі. Дегенмен аралда көруге тұрарлық бұрынғы түрме ғана емес, аралдың табиғаты да тамаша. Онда адам аяғы баспаған жерлер бар және динозаврлар дәуіріне түсіп кеткендей әсер береді екен.
Показать комментарии
Читайте также