17 жастағы жасөспірім Желі арқылы әлем бойынша жаппай суицид ұйымдастырмақшы болған

Испания полициясы т?рлі елді? жастарыны? Желі ар?ылы келісіп, жаппай суицид жасауына тос?ауыл болды, б?л кампанияны Аргентинаны? 17 жаста?ы т?р?ыны ?йымдастырма? болды деген к?дікпен ?сталды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БА?-тар?а сілтеме жасап.

Испания полициясы түрлі елдің жастарының Желі арқылы келісіп, жаппай суицид жасауына тосқауыл болды, бұл кампанияны Аргентинаның 17 жастағы тұрғыны ұйымдастырмақ болды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Жасөспірім ұйымдастырған делінген жоспарына Баскония полициясы тосқауыл болған, құқық қорғау органдарының өкілдері әлеуметтік желілерде қатысушыларын 2017 жылдың соңында суицид жасауға шақырған халықаралық топты анықтады. 

Полицейлер ұйымдастырушы делінген адамның суицид жасалатын күнді 17 тамызға - жақын досының қайтыс болған күніне белгілегенін анықтады. Оның Аргентина тұрғыны екені де анықталыпты. 

Реклама
Реклама

Ertzaintza полициясы интерпол арқылы Аргентинаның құқық қорғау органдарымен байланысқа шығып, белгіленген күнге алты күн қалғанда сол еджің Федерал полициясы ер адамды Сан-Хоседегі үйінен тауып, қамауға алған. 

Күдіктінің үйінде пышақтар мен қанға малынған дәке табылған. Жасөспірім психиатрлардың қарауында екені анықталып отыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама