19 жастағы қыз туыстарымен жабылып зорлаған күйеуін өлтіріп тастады

Суданда 19 жаста?ы Нура Хусейн еркінен тыс некелестірген к?йеуін ?лтіріп таста?аны ?шін ?лім жазасына кесілді. 

Суданда 19 жастағы Нура Хусейн еркінен тыс некелестірген күйеуін өлтіріп тастағаны үшін өлім жазасына кесілді. 

CNN мәліметінше, Нураны 15 жасында тұрмысқа берген. Ол қашып кетіп, үш жылдай жасырынып жүрген. Кейін оны алдап әкесіне алып келген, ол болса қызын қайтадан күйеу баласының қолына берген. Ал күйеуі туыстарының көмегі арқылы қызды зорлаған екен. Ер адамның інісі мен бөлелері қызды ұстап тұрыпты. Ертесінде ер адам қызды қайта зорламақ болғанда, Нура оған пышақ салған. Осыдан кейін қыз отбасына қашып барады, ал ата-анасы қызын полицияға тапсырған. 


Сурет: twitter.com/lailaalmotawa

Реклама
Реклама

Ер адамның туыстары кешірім беру мен ақшалай төлемнен бас тартып, өлім жазасын сұратқан. 


Сурет: twitter.com/sodfadaaji

Бұл оқиға әлеуметтік желі арқылы таралып, бүкіл әлемнің назарына ілікті. Желі қолданушылары қызға көмектеспек ниетте #JusticeforNoura және #SaveNoura хэштегін жалпылай таратып жатыр. 


Instagram/Ahmed M'ayyed

Заң бойынша Суданда қыздарды 10 жасында тұрмысқа беруге рұқсат етілген, ал некелескеннен кейін қызды зорлау қылмыс болып есептелмейді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама