ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қараша 2021 | 10:32
20 жыл бұрын жоғалып кеткен Виктор Пелевин қайда екені белгілі болды
Mash телеграм-арнасы ресейлік ең жұмбақ жазушы атанған Виктор Пелевин қайда екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Mash телеграм-арнасы ресейлік ең жұмбақ жазушы атанған Виктор Пелевин қайда екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Пелевин көпшілік алдына 20 жыл бұрын Токиода шыққан. Оның соңғы берген видео сұхбатына 25 жыл толды. Содан кейін жазушыны ешкім көрмеген.
Журналистер жазушыны Таиландта, Кох Самуи аралынан тапқанын мәлімдейді.
"Біз классикалық детективтің жолымен жүріп, оның кітаптарын мұқият оқып шығуды жөн көрдік. Иә, біз оны таптық. Сіз күмәнданбау үшін Тайландқа ұшып барып, суретке тіпті видеоға түстік", - деп жазады Telegram-арнасы.
Mash арнасы өз зерттеулерінде Пелевин 2017 - 2018 жылдары көп саяхаттағанын, Ресейден әртүрлі елдерге бірнеше рет ұшып барғанын, 2019 жылдың 30 қарашасында Мәскеуден Бангкокқа ұшып барғанын, бірақ қайта оралмағанын айтты.
Виктор Пелевин - "Чапаев и Пустота", "Generation "П", "Омон Ра" және Empire V романдарының авторы. Ол түрлі әдеби сыйлықтардың, соның ішінде "Кіші Букер" және "Ұлттық бестселлер" сыйлығының лауреаты, жазушы көпшілік алдына шыққанды ұнатпайды, сирек сұхбат береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также