11 қараша 2021 | 12:43

30-дан аса ел бензинмен жүретін автокөлік сатудан бас тартатынын жариялады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Глазгодағы климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте 33 ел мен 6 автоөндіруші 2040 жылға қарай іштен жану қозғалтқыштары бар автокөліктерден толық бас тартатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Глазгодағы климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте 33 ел мен 6 автоөндіруші 2040 жылға қарай іштен жану қозғалтқыштары бар автокөліктерден толық бас тартатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттер мен өндірушілер Ұлыбританияның бастамасына қосылып, осыған сәйкес іштен жану қозғалтқышы бар автокөліктер мен шағын автобустарды сату көрсетілген жылдан кешіктірілмей аяқталуы керек. Бұл ретте экономикасы озық елдер 2035 жылға қарай ІЖҚ-дан бас тартуы тиіс.

Реклама
Реклама

©REUTERS

Бірлескен мәлімдемеге қол қойғандар арасында Ұлыбритания, Үндістан, Австрия, Польша, Канада, Түркия және басқалары, сондай-ақ, General Motors, Ford, Mercedes, Volvo, Jaguar/Land Rover және Қытай BYD секілді корпорациялар бар.

©REUTERS

Алайда Германия келісімге қол қойған жоқ. Берлин 2035 жылға қарай зиян қалдық шығармайтын көліктерге рұқсат беруге дайын, бірақ кейбір елдердің, Германия сияқты, декларацияның қосалқы аспектісіне қатысты сұрақтары бар. Әңгіме жаңартылатын көздерден алынатын ІЖҚ үшін жанармайдың синтетикалық түрлері болашақта проблеманы шешетін бола ма деген сөз.

Бұған дейін Германияның Volkswagen автомобиль концерні 2035 жылға қарай Еуропада ішкі жану қозғалтқыштары бар автомобильдер шығарудан бас тартуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.

Спорттық автокөліктердің италиялық өндірушісі Lamborghini де экологиялық таза болу үшін ішкі жану қозғалтқыштарынан бас тартып, гибридті және электрлік модельдерді шығаруға көшуді шешкен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная