300 лаңкестің шабуылына тойтарыс берген ресейлік 16 жауынгер марапатталды

© РИА Новости

Ресейде сириялы? ла?кестерді? шабуылына тойтарыс берген арнайы ?ызмет тобы марапатталды. "Россия-24" телеарнасыны? м?ліметінше, арнайы ?ызметті? 16 жауынгерінен ??рыл?ан топ 300 содыр?а ?арсы со?ыс?ан. Топ командирі подполковник Данила (Фамилиясы аталмайды) мен ?ш офицер Сириядан М?скеуге арнайы ша?ыртыл?ан. 

Ресейде сириялық лаңкестердің шабуылына тойтарыс берген арнайы қызмет тобы марапатталды. "Россия-24" телеарнасының мәліметінше, арнайы қызметтің 16 жауынгерінен құрылған топ 300 содырға қарсы соғысқан. Топ командирі подполковник Данила (Фамилиясы аталмайды) мен үш офицер Сириядан Мәскеуге арнайы шақыртылған. 

Данилаға Ресей Батыры атағы берілсе, қоластындағы үш жауынгерге әскери наградалар табыс етілген. Марапатқа Алеппо провинциясындағы "Джабхат ан-Нусра" содырларына қарсы тойтарыс беру бойынша сәтті өткен операция себеп болған. Подполковниктің айтуынша, 16 ресейлік екі күн бойы шабуыл жасап, қорғанысты бұзып өтпекші болған 300 лаңкеске тойтарыс берген.  

Лаңкестер минометтер, танктер, жендеттер отырған брондалған көліктер, болат қалпақтарымен қаруланған булльдозерлерді қолданса да, территорияны басып ала алмаған.  

Реклама
Реклама

"Бізде адам шығыны болмады. 300-ге дейін содырлар басып келді. Бірақ позициямыз жақсы әрі жігіттердің дайындығы мықты болғандықтан өлім-жітімсіз шықтық. Алға қойылған міндеттерді орындап, соңына дейін күрестік", - деді офицер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама