01 шілде 2020 | 09:40

37 жастағы милиция қызметкері өлім алдында коронавирус қаупі туралы видео жариялады

© vb.kg

Бішкекте криминалдық милиция қызметінің жедел уәкілі Бердібай Элакунов қайтыс болды, - деп хабарлайды "Вечерний Бишкек".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бішкекте криминалдық милиция қызметінің жедел уәкілі Бердібай Элакунов қайтыс болды, - деп хабарлайды "Вечерний Бишкек".

Дереккөз мәліметінше, ер адам ауруханада көз жұмған. Өлімнің себебі анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамнан пневмония анықталған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, таяуда Элакуновтың коронавирустың қаупі туралы видео жариялағаны белгілі болды. Ол видеода аппаратқа қосылып, әрең сөйлеп тұрған екен.

"Жігіттер, саламалейкум! Сақ болыңыздар. Бұл қорқынышты, өте қорқынышты ауру екен. Сондықтан сақ болыңыздар. Маска тағыңыздар. Мұнда ұлттық аурухана адамдарға толы. Әлі қабылдамай жатыр. Оларды қаншама жедел жәрдем көлігі тасып жатыр. Қалада жағдай қорқынышты", - деген науқас.

Бұл видео желілерде тарап кетті.

Айта кетейік, бүгінде Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 5 мыңнан асып кетті. 2 мыңнан аса адам сауығып, 57 адам қайтыс болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная