10 желтоқсан 2019 | 10:33

38 жолаушысы бар чилилік ұшақ жоғалып кетті

С-130 ВВС Чили

Антарктикадағы базаға бағыт алған чилилік әскери ұшақ радардан жоғалып кеткен. Бортта 38 адам болған, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Антарктикадағы базаға бағыт алған чилилік әскери ұшақ радардан жоғалып кеткен. Бортта 38 адам болған, - деп хабарлайды РИА Новости

 "C130 Hercules ұшағы 16:55-те ұшып (01.55 Нұр-Сұлтан уақыты бойынша), 18:13-те байланыстан ажырап кетті (03.13 Нұр-Сұлтан уақыты бойынша). Ол Пунта-Аренас қаласындағы "Чабунко" базасынан Антарктикадағы әуе базасына бағыт алған. Бортта барлығы 38 адам, оның 17-сі - экипаж мүшесі 21-і - жолаушы болған", - делінген ВВС Чилидің Twitter желісіндегі парақшасында. 

Реклама
Реклама

Ұшақ базалардың бірін жанармаймен қамтамасыз ететін мұнай құбырында қызмет ететін жұмысшыларды тасымалдап келе жатқан. ВВС Чили генералы Эдуардо Москейру ұшақтағы жанармай Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 09:40-та бітуі керек болғанын хабарлаған. 

C-130 - орта және үлкен қашықтықтағы америкалық әскери-көлік ұшағы. АҚШ-тың және Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымы елдерінің негізгі әскери-көлік ұшағы. 2014 жылға бұл - әлемдегі ең көп таралған әскери көлік ұшағы болған. ВВС Чилиде осы секілді жеті ұшақ бар. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная