62 жастағы мұғалім оқушы қызды бір жарым жыл бойы зорлап келген

09 Қыркүйек, 11:38
6
62 жастағы мұғалім оқушы қызды бір жарым жыл бойы зорлап келген -

Өзбекстанның Сурхандария облысы Алтынсай ауданының құқық қорғау органдары жергілікті мектептердің бірінде химия пәнінен сабақ беретін 62 жастағы мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғады. Оның жасы ескеріліп, қамауға алу туүріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалмаған, - деп хабарлайды "Озодлик".

Басылым оқушы мен мұғалімнің есімдерін жарияламады. 

Оқушы қыздың айтуынша, 62 жастағы мұғалім мектеп аумағында оны 1,5 жыл бойы (2017 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың наурызына дейін) зорлап келген. 

"Мұғалім мені арақпен мас қылып, химиялық зертханаға кіргізіп, зорлайтын. Кейде екі күн сайын, кейде үш күнде бір рет болатын. Сабақтан шақыртып алып, осындай әрекеттер істейтін. Мен үшін химия зертханасына кіру - қорлық болатын. Бірінші рет сексуалдық зорлық-зомбылық 9-сыныпта оқып жүргенімде болды. Ол маған сабақтан соң Олимпиадаға дайындаламыз деп алып қалды. Сол кезде ол мені мас қылып, зорлады. Кейіннен, былай қорқыта бастады: "Мұны туыстарыңа айтушы болма, әйтпесе сені мектептен қуып шығады, сен ешкімге керек болмай қаласың".Қорықтым, сол себепті барлығын да өзімде ұстадым", - дейді оқушы қыз. 

Қыздың анасы биыл наурызда оқушы қыздың қолынан қымбат телефон мен қаражат көрген кезде, күдіктене бастаған. 

"Мына телефон мен ақшаны қайдан алдың" деп сұрағанымда, оны химия пәнінің мұғалімі сыйлағанын айтты. Ұзақ сұрастыра берген соң қызым маған барлығын айтты. Химия пәнінің мұғалімі оқушыны пәктігінен айырып, үнемі зорлап келген", - дейді оқушының анасы. 

Әйел қызының басынан қандай жағдай өткенін біле салысымен, мектеп әкімшілігі мен құқық қорғау органдарына, сондай-ақ қорлау ісі бойынша медициналық сараптама жүргізуді талап еткен. 

"Сараптама тексерілді, онда зорлау ісі анықталды. Дәрігер маған сараптаманың нәтижесі бойынша қызымның 100 реттен аса жыныстық қатынасқа түскен", - дейді қыздың анасы. 

Химия пәнінің мұғалімі биыл мамырда өз еркімен жұмыстан кеткен.

"Осы жағдайдан кейінғ химия пәнінің мұғалімі маған келіп, былай деді: "Маған жала жапты, мен мұндайға шыдай алмаймын, ары қарай мектепте жұмыс істей алмаймын". Ол арыз жазып, жұмыстан шықты. Біз оны жұмыстан босатқанымыз жоқ. Қыз бала біздің мектепте оқып жүр. Оқиғаның мән-жайын милиция анықтайтын болады. Менің қосар ештеңем жоқ", - дейді мектеп директоры. 

Өзбекстанда осы қылмыс үшін үш жүз алпыс сағат қоғамдық жұмыстар немесе бір жылдан үш жылға дейін бас босатандығынан айырылуы мүмкін. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (6)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай