16 тамыз 2021 | 15:02

70-ке жуық мемлекет ауған халқына көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ауғанстан билігін "Талибан" қозғалысы басып алғаннан кейін Еуроодақ пен 67 мемлекет бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ Мемлекеттік департаменті сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстан билігін "Талибан" қозғалысы басып алғаннан кейін Еуроодақ пен 67 мемлекет бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ Мемлекеттік департаменті сайтына сілтеме жасап. 

Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес, "Талибан" қозғалысына Қазақстанда тыйым салынған.

АҚШ, ЕО-ның Сыртқы істер жөніндегі жоғары өкілі, Ұлыбритания, Канада, Германия, Аустралия, Польша, Украина, Оңтүстік Корея, Африка мен Латын Америкасының кейбір мемлекеттері елден кеткісі келетіндерге мүмкіндік жасау керек екенін, Ауғанстан азаматтарына көмектесуге дайын екенін білдірді.

Реклама
Реклама

"Ауғандар мен кеткісі келетін шетелдіктерге кетуге рұқсат берілуі керек. Жолдар, әуежайлар мен шекаралар ашық болып, тыныштық сақталуы тиіс. Ауған халқы қауіпсіз және лайықты өмір сүруге лайық. Біз халықаралық қоғамдастықта оларға көмектесуге дайынбыз", - делінген хатта.

Құжатта елдер Ауғанстандағы жағдайға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатқандығы айтылған. Олар барлық тарапты шетелдіктер мен ауған елінен кеткісі келетіндердің қауіпсіз түрде кетуіне жағдай жасауға және құрметтеуге шақырды. Авторлар Ауғанстанда билікке отырғандарға адам өмірін қорғауға, сондай-ақ қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті тез арада қалпына келтіруге жауапты екенін еске салды.

Еске салайық, "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулға кіріп, елдегі соғыстың аяқталғанын мәлімдеді. Кабул әуежайына жүздеген адам жиналып, елден кетуге тырысты.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай туралы мәлімдеме жасаған болатын. Ол Ауғанстан Ислам Республикасындағы қазақстандықтар мен дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауды тапсырды. Мемлекет басшысы Қазақстан Ауғанстандағы шиеленістің ушығуына алаңдайтынын және оқиғалардың дамуын мұқият қадағалап отырғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram