05 қараша 2020 | 15:13

"70 күн жұқпалы болған". Дәрігерлер COVID-19 анықталған әйелдің жағдайын айтты

Фото: Тұрар Қазанғапов ©/Tengrinews

АҚШ ғалымдары коронавируспен 105 күн бойы ауырған 71 жастағы әйелдің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Naked Science басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ ғалымдары коронавируспен 105 күн бойы ауырған 71 жастағы әйелдің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Naked Science басылымына сілтеме жасап.

Зерттеу жұмысы Cell журналында жарияланды. 

Реклама
Реклама

Ғалымдар ағзасынан COVID-19 анықталған әйел 70 күн бойы жұқпалы болғанын айтады.

Зерттеу жұмысын жүргізген авторлардың бірінің айтуынша, оған жұқпалы аурулар жөніндегі маман жүгінген. Ол емдеген науқас бірнеше апта бойы коронавирустың бар-жоғына тест тапсырып отырған және оң нәтиже көрсете берген. Осыдан маман бұл уақыт аралығында "науқас вирусты таратуы мүмкін бе?" деген сұраққа жауап іздеген.

Коронавирус жұқтырған әйелдің иммунитеті өте төмен болған. Ол лимфолейкоз және гипогаммаглобулинемиямен ауырған. Әйелде коронавирустың симптомдары байқалмаған. Оның ауру жұқтырғаны ауруханада анықталған. Мюнстер зертханасы науқастың жоғарғы тыныс жолдарынан алынған үлгілерді зерттеген. Нәтижесінде ғалымдар әйелде 70 күн бойы коронавирус қоздырғышы бөлінгенін анықтаған. 71 жастағы америкалық әйел 105 күннен соң ғана жазылды.

"Осы уақытқа дейін мұндай жағдай тіркелген емес. Науқас ұзақ уақыт бойы симптомсыз ауырғанмен, жұқпалы болған. Бұл - алғашқы жағдай", - дейді АҚШ Ұлттық аллергия және жұқпалы аурулар институтының вирусологы, Мюнстер зертханасының қызметкері, жобаның аға авторы.

Ғалымдардың болжамынша, науқастың иммунитеті өте төмен болғандықтан ол жұқпалы болған. Қан талдауының қорытындысына сәйкес, оның ағзасы антидене бөлмеген.

Айта кетейік, коронавирус жұқтырған науқастардың көбі орта есеппен 8 күн бойы басқаларға ауру жұқтыруы мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная