76 жастағы италиялық спортшы қайықпен рекорд орнатпақ болып қаза тапты

76 жастағы италиялық спортшы қайықпен рекорд орнатпақ болып қаза тапты

Италиялық шабандоз Фабио Буцци моторлық қайықпен жылдамдық рекордын орнатпақшы болып, қаза тапты. Қайғылы оқиға Венецияға жақын маңда болды.

Италиялық шабандоз Фабио Буцци моторлық қайықпен жылдамдық рекордын орнатпақшы болып, қаза тапты. Қайғылы оқиға Венецияға жақын маңда болды.

Онымен бірге қайықтың ішінде тағы төрт адам болған, олардың тек біреуі ғана тірі қалды. Буцци басқарған қайық сағатына 148 шақырыммен қозғалып, жасанды бөгетке соқтығысқан. Спортшы рекордтық уақытта Монте-Карлодан Венецияға жетпек болған. 

Буцци жарыс жолын 40 жыл бұрын бастаған және осы күнге дейін ондүркін әлем чемпионы атанды. 2019 жылы қыркүйекте ол дизельмен жүретін катермен өз рекордын бұзды - сағатына 277,515 шақырым. 

Жарнама
Жарнама

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама