31 шілде 2020 12:10

8-қабаттан құлаған ер адам аман қалды

Фото: 1pnz.ru

Қытайдың Шэньчжэн қаласында үйдің сегізінші қабатынан құлаған ер адам аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдың Шэньчжэн қаласында үйдің сегізінші қабатынан құлаған ер адам аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 28 шілдеде кешке болған. Полиция 21 жастағы фамилиясы Чжан есімді жас жігіттің үйдің төбесінен құлағанын анықтаған.

Реклама
Реклама

Куәгерлердің айтуынша, ер адам жоғары қабаттан құлағанына қарамастан есінен танбаған, өзін жарақат алмаған сияқты сезінген. Жас жігіт минивэннің үстіне құлапты. Ол өз күшімен орнынан тұрып, жолдың шетіне барып отырған. Кейін оны жедел жәрдем қызметі ауруханаға алып кеткен. 

Қазіргі таңда Чжанның денсаулығына қатысты мәлімет жоқ.

"Ол өз күшімен орнынан тұрды. Бірақ кейін жас жігіт терлей бастады, оның түрі бозарып кетті", - дейді куәгерлердің бірі.

Ал екінші куәгер жігіттің минивэнға құлағанын, оның жолы болғанын жеткізді.

Зардап шеккен жігіттің туыстарының айтуынша, Чжан өте тұйық адам екен. Олар оның күйзелістен жаны қиналып жүргенін айтты. Полиция жас жігіттің сегізінші қабаттан неге құлағанын анықтап жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram