03 қараша 2021 | 12:10

8 қарашадан бастап АҚШ-қа кіру ережесі өзгерді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шетелдіктердің АҚШ-қа кіруінің жаңа ережелері туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шетелдіктердің АҚШ-қа кіруінің жаңа ережелері туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық арналар арқылы келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 2021 жылдың 8 қарашасынан бастап АҚШ-қа кіруге АҚШ-тың тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын санитариялық қадағалау басқармасы (FDA) немесе ДДСҰ мақұлдаған COVID-19-ға қарсы екпе алғанын растайтын сертификаты бар адамдарға ғана рұқсат етіледі. Бекітілген тізімге Pfizer-BioNTech, Moderna, Johnson&Johnson, AstraZeneca, Covishield, BIBP/Sinopharm, Sinovac секілді вакциналар кіреді", - делінген СІМ хабарламасында.

Сыртқы саяси ведомствода сертификаттар вакцинацияға жауапты мемлекеттік орган бекіткен нұсқа бойынша рәсімделуі тиіс екені айтылды. Бұл құжаттардың түпнұсқа екенін авиакомпания қызметкерлері АҚШ-қа ұшқанға дейін тіркеу кезінде тексереді.

Реклама
Реклама

Жаңа талаптар 18 жасқа дейінгі балаларға, екпе салдыртуға қарсы көрсетілімдері барларға, сондай-ақ, дипломатиялық, қызметтік және транзиттік санаттағы визалары бар мемлекеттік қызметшілерге немесе олардың отбасы мүшелеріне және халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная