28 ақпан 2020 | 11:12

8 наурызда Түрікменстан әйелдеріне үш доллардан беріледі

Халықаралық әйелдер күніне орай Түрікменстан әйелдеріне үш доллардан ақшалай сыйлық беріледі, - деп хабарлайды Түрікменстан хроникасы

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық әйелдер күніне орай Түрікменстан әйелдеріне үш доллардан ақшалай сыйлық беріледі, - деп хабарлайды Түрікменстан хроникасы

Бұл туралы 27 ақпанда Үкімет отырысында мәлім болды. Мұндай тапсырманы президент Гурбангулы Бердімухамедов экономика және қаржы жөніндегі вице-премьер Гадыргелді Мушшиковқа берді.

Реклама
Реклама

Түрікменстан әйелдері халықаралық әйелдер күніне орай 60 манат (елдің ақша бірлігі) көлемінде ақшалай сыйлық алады. Бұл қара нарықтың бағамы бойынша шамамен үш долларға тең.

Ақша жұмыс істейтін әйелдер мен оқушыларға, сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақы алатындарға беріледі. Сыйлық балабақшаға бармайтын қыздарға және үш жасқа дейінгі балалары жоқ жұмыссыз әйелдерге (балаға арналған жәрдемақы алмайтындарға) берілмейді. Бұл оларға ақшаның жалақы, жәрдемақы немесе зейнетақы беретін ұйымдардың бюджетінен бөлінуіне байланысты.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная