ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қаңтар 2021 | 16:14
88 жастағы ұлыбританиялық AstraZeneca вакцинасын салдырды
Ұлыбританияда Оксфорд университеті және AstraZeneca фармацевтикалық компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасы егде жастағы екі адамға салынды, - деп хабарлайды Sky News.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлыбританияда Оксфорд университеті және AstraZeneca фармацевтикалық компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасы егде жастағы екі адамға салынды, - деп хабарлайды Sky News.
Бірінші 82 жастағы Брайан Пинкерге вакцина салынды. Пинкер коронавирусқа қарсы вакцина салғызған дүние жүзіндегі ең егде жастағы алғашқы адам болып отыр. Оған дейін вакцина салғызбай тұрғанда Пинкер бүйрегі ауырып, Оксфорд университетінің медициналық орталығында емделген.
Екінші болып мұндай вакцина 88 жастағы музыка мұғалімі Тревор Ковлетке салынды.
Айта кетейік, Ұлыбритания корольдігі бұл вакцинаны ел территориясында пайдалануды өткен аптада мақұлдаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также