88 жастағы кейуананы сабаған ер адамның сазайын тарттырған жігіт жұрттың ықыласына бөленді

Ресейді? Брянск облысында кездейсо? ку?гер ер адамды кейуананы сабап жат?ан жерінен то?татып, ??т?арды, - деп хабарлайды  "Вести.Ru". Ку?гер ?з ісін видео?а т?сіріп ал?ан. О?и?а 16 ?ырк?йекте Клинцы ?аласында бол?ан.

Ресейдің Брянск облысында кездейсоқ куәгер ер адамды кейуананы сабап жатқан жерінен тоқтатып, құтқарды, - деп хабарлайды  "Вести.Ru". Куәгер өз ісін видеоға түсіріп алған. Оқиға 16 қыркүйекте Клинцы қаласында болған.

Ер адам тұрғын үйдің подъезіне кіріп, пәтерлердің есігін қаға бастаған, есік ашқан 88 жастағы әжейді ол аулаға шығарып алып, сабай бастаған. Осы кезде жатүршігерлік айғайды естіген көршісі ұялы телефонын қосып, ажыратуға асығады. Ер адам кейуананың үстінде жатқан қаскөйді бірнеше рет теуіп, есінен тандырып, артынша әжейді пәтеріне дейін шығарып салады. Видеода кейуана өзін ұрған адамды танымайтынын айтады. Видео соңында куәгер өз ісін полицейлер сұраған жағдайда көрсету үшін видеоға түсіргенін айтады. 

Оқиға орнына келген дәрігерлер кейуананы ауруханаға жеткізген, оның тістері мен қабырғасы сынып, басына зақым келген. Полицейлер күдіктіні ұстады.

Реклама
Реклама

Ескерту! Видеода зорлық-зомбылық белгілері бар!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама