92 жастағы оппозиционер Малайзия премьері болды

92 жастағы оппозиционер Малайзия премьері болды Махатхир Мохаммад. © REUTERS

Малайзия сайлауында же?іске жеткен "?міт Альянсы" оппозициялы? партиясыны? лидері Махатхир Мохаммад елді? жетінші премьер-министрі ?ызметіне та?айындалды. Б?л туралы Bernama малайзиялы? мемлекеттік а?парат агенттігі хабарлады, - деп жазады РИА Новости

Малайзия сайлауында жеңіске жеткен "Үміт Альянсы" оппозициялық партиясының лидері Махатхир Мохаммад елдің жетінші премьер-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Bernama малайзиялық мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады, - деп жазады РИА Новости

Оның антын Малайзия королі Мұхаммад Бесінші Куала-Лумпурдағы корольдік сарайда қабылдады. 

92 жастағы Махатхир Мохаммад осымен екінші рет ел үкіметінің басшысы қызметіне тағайындалып, премьер-министр қызметіндегі ең егде шенеунік атанды. Махатхир Мохаммад алғаш рет бұл қызметке 1981 жылы келген еді, сол кезде ол 56 жаста болатын. Бұл қызметтен ол 2003 жылы кеткен. 

Реклама
Реклама

9 мамырда, сәрсенбі күні өткен сайлауда "Барисан Насиональ" коалициясынан елдің пост-колониалдық тарихында тұңғыш рет билікті алып отыр. 

Махатхир Мохаммадты АҚШ президенті Дональд Трамп құттықтады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама