21 қыркүйек 2020 | 17:41

Әблязов пен Храпунов шетелдік банктер арқылы 755 миллион доллар жымқырған - БАҚ

Tengrinews.kz фотоколлажы

Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпунов шетелдік банктер арқылы 755 миллион доллар жымқырған. Бұл туралы халықаралық журналистік зерттеу консорциумының (ICIJ) есебінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпунов шетелдік банктер арқылы 755 миллион доллар жымқырған. Бұл туралы халықаралық журналистік зерттеу консорциумының (ICIJ) есебінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есепке сәйкес, әлемдегі JPMorgan, HSBC, Barclays, Deutsche Bank және Bank of New York Mellon сынды бес ірі банк - 1999 жылдан 2017 жылға дейін күдік тудыратын көптеген транзакция жүргізген және клиенттерге 2 триллион доллардан аса ақшаны жымқыруға көмектескен.

Реклама
Реклама

Яғни 2008-2016 жылдар аралығында Мұхтар Әблязовтың шетелдік банктердегі есепшоты бойынша 666 миллион долларға 73 операция жасалған. 73 транзакцияның 14-і күдікті болып саналады. Осы кезеңде Әбілязовқа 27 банктегі есепшот тиесілі болған.

Храпуновтар отбасы 2003-2017 жылдар аралығында 88,9 миллион долларға 206 транзакция жүргізген. 29 транзакцияны банктер күдікті деп санайды. Храпуновтар отбасына 37 банктегі есепшотты иеленген.

Зерттеуде 2,1 мыңнан аса "күдікті операциялар туралы есептер" (SAR) бар. Оларды банктер АҚШ-тың қаржы министрлігіне қарасты FinCEN бөлімшесіне (қаржылық қылмыстарға қарсы күрес басқармасы) ұсынған. Бұл "құпия" материалдарды BuzzFeed басып шығарып, кейін ICIJ ұйымына тапсырған. Журналистер консорциумы 88 елде 400-ден аса журналистерден тұратын топ құрып, зерттеу жүргізген әрі құжаттарды талдаған.

Шетелге аударылған ақшаның жалпы сомасының 514 миллиард доллары JPMorgan банкіне, ал 1,3 триллион доллары Deutsche Bank- ке тиесілі. Банктер уәделерін бірнеше рет бұзды деп айыпталып отыр. Олар заңсыз әрекеттері үшін алынған қаражатты, яғни салықтық алаяқтық, есірткі сату және қылмыс жасағаннан түскен қаржыны жылыстатуы мүмкін. Банктер кейде санкцияларды бұзып, клиенттерге кедергілерді айналып өтуге көмектеседі екен.

Сонымен қатар, журналистік зерттеуге Венесуэла, Қытай, Ресей, Украина, Қазақстан, Африка және басқа да мемлекеттердің бизнесмендерінің есімдері жазылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная