07 қазан 2019 10:47

Әблязовті 2020 жылы соттауы мүмкін

АҚШ-та 2020 жылы Мұхтар Әблязовтің соты өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та 2020 жылы Мұхтар Әблязовтің соты өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нью-Йорктегі сот қарауы бұдан төрт жыл бұрын Алматы қаласы әкімдігінің және ортақ талапкер БТА Банктің Мұхтар Әблязов пен оның қылмыстық сыбайластарын Құрама Штаттарда ұрланған ақша қаражатының ізін жасырды деп айыптаған талап-арызы бойынша қозғалған болатын. Сол кезден бері Алматы әкімдігі Әблязовтың жасаған қылмыстарын растайтын елеулі дәлелдемелер жинады, сондай-ақ сол қылмыстардың көптеген куәларының жауаптарын алды.

Реклама
Реклама

"Сотқа дейінгі сатысы қазіргі уақытта аяқталуға жақын және Алматы әкімдігі АҚШ алқабилер сотының алдындағы сот қарауы 2020 жылы өтеді деп санайды", - делінген хабарламада. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram