13 қаңтар 2020 | 14:34

Әблязовтің сыбайласы АҚШ-та ұсталды - БАҚ

© novgazeta.by

Сотталған банкир Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Александр Удовенко АҚШ сотының алдында жауап берді. Ол Вашингтон маңындағы қалашықта ұсталған, - деп хабарлайды EU Reporter.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сотталған банкир Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Александр Удовенко АҚШ сотының алдында жауап берді. Ол Вашингтон маңындағы қалашықта ұсталған, - деп хабарлайды EU Reporter.

Ресейлік кәсіпкер Александр Удовенко Лондоннан қашып, 2009 жылы "жоқ" болған еді. Басылым мәліметінше, Удовенко Лондонда Әблязовтің мүддесін қолдаған және оффшорлық компаниялар желісін ашуға атсалысқан. Миллиардтарды банктен шығарып, жеке шоттарға аударып отыру үшін қажет болған. Кейінірек Удовенко Америкаға кетіп, Мэриленд штатындағы Бетесд қаласында "инвестициялық кеңесші" болып қызмет еткен. 

Реклама
Реклама

Басылым мәліметінше, ұлыбританиялық сот ресейлік кәсіпкердің "Әблязовтің басты қолдаушыларының бірі" екенін анықтаған. Оның номиналды ие және "ұрланған қаражатты аудару үшін пайдаланылған жүздеген оффшор компанияларының" әкімшісі болған. 

Осыған дейін, Мұхтар Әблязовті АҚШ-та соттауы мүмкін екені айтылды. Нью-Йорктегі сот ісі осыдан төрт жыл бұрын Алматы әкімдігінің арызы бойынша және БТА Банк арызы қаралған. Мұхтар Әблязовті және оның сыбайластарын АҚШ-та жымқырылған қаражатты айналдырды деп айыпталған. Әкімдік дәйектер жинап, осы қылмыстың куәгерлерін тапқан. 

Қазақстанда 2018 жылы 27 қарашада банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін Мұхтар Әблязовті сырттай өмірбойына соттады. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная