ӘЧ-2014 жартылай финалға Колумбия құрамасын жеңген Бразилия шықты

Бразилия құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Колумбия командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Форталеза қаласындағы "Кастелан" стадионында өткен ойын 2:1 есебімен аяқталды. Есепті Бразилия командасының капитаны Тиаго Сильва ойынның жетінші минутында ашты. Бразилиялық Давид Луис болса ойынның 69-шы минутында есепті еселей түскен. Ал колумбиялық Хамес Родригес болса тек 80-ші минутта орын алған пенальтидің арқасында есепті тек қысқарта ғана алды.

Енді жартылай финалда Бразилия құрамасы француздарды 1:0 есебімен жеңген Германия командасымен күш сынасатын болады. Ондағы жалғыз голды ойынның 13-ші минутында Матс Хуммельс соққан болатын. Бұл екі команда арасындағы ойын Белу-Оризонти қаласындағы "Минейран" стадионында шілденің 8-і күні өтпек.

Реклама
Реклама

Еске саламыз, ӘЧ-2014 Бразилияның 12 қаласында қатар өтті. Шілденің 13-і күнгі финалда жеңіске жеткен команда 35 миллион доллар алатын болса, ал екінші орыннан көрінген команда 25, үшінші орынға шыққан команда 22 миллион долларды қанжығаларына байламақ. Фавариттер арасында осы кезге дейін 5 мәрте әлем чемпионы болған Бразилия құрамасы, үш рет чемпионы атанған Германия мен екі рет чемпион болып көрген Аргентина командалары бар.

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама