26 тамыз 2021 | 11:01

"Адамгершілікке жатпайды". "Талибан" батыс елдерін айыптады

Дина Шарипханова Корреспондент
©Reuters

"Талибан" қозғалысының өкілі (Жоғарғы сот шешімі бойынша Қазақстанда тыйым салынған) Забихулла Муджахид Батыс елдерін Ауғанстаннан білікті ауған мамандарын эвакуациялады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Week басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Талибан" қозғалысының өкілі (Жоғарғы сот шешімі бойынша Қазақстанда тыйым салынған) Забихулла Муджахид Батыс елдерін Ауғанстаннан білікті ауған мамандарын эвакуациялады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Week басылымына сілтеме жасап.

Муджахид "Талибан" бұрынғы аудармашыларды және АҚШ әскерінде жұмыс істеген басқа адамдарды іздеп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды және олар өз елінде қауіпсіз болады деп мәлімдеді. Ол батыс елдері эвакуацияға сонша күш-жігерін салып жатқанына көңілі қалғанын айтты. Бұл туралы террористік топ өкілінің The New York Times газетіне берген сұхбатында айтылған.

"Олар біздің елдің ісіне араласпауы керек және біздің ресурстарымызды: дәрігерлерді, профессорларды және бізге қажет басқа адамдарды алып кетпеуі керек. Америкада олар ыдыс жуғыш немесе аспазшы бола алады. Бұл адамгершілікке жатпайды", - деді Муджахид.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол елден кетуге тырысқан ауғандардың әуежайға кіруіне содырлар кедергі жасамайтынына сендірді.

"Біз тиісті құжаттары жоқ адамдарға шығуға рұқсат жоқ дедік, оларға баратын елдердің төлқұжаттары мен виза қажет, олар елден ұшып кете алады, егер олардың құжаттары жарамды болса, олардан бұрын не істегендерін сұрамаймыз", - деді ол.

Муджахид "Талибан" әйелдерді үйлерінде болуға немесе беттерін жабуға мәжбүрлейді деген қорқыныш негізсіз дейді. Оның айтуынша, ер адаммен жүру (махрам) талаб үш күнге және одан да көп уақытқа созылатын сапарларға ғана қатысты.

"Егер олар мектепке, кеңсеге, университетке немесе ауруханаға барса, оларға махрам қажет емес", - деп түсіндірді ол.

Бұған дейін тәліптер ауғандарды Кабул әуежайына кіргізбей отырғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная