31 тамыз 2021 16:24

Африкада коронавирустың жаңа штамы анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың жаңа штамы табылды, ол жұқпалы және вакциналарға төзімді болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың жаңа штамы табылды, ол жұқпалы және вакциналарға төзімді болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Квазулу-Наталдағы ұлттық жұқпалы аурулар институтының зерттеушілері анықтаған штамм C. 1.2 деп аталды. Ол алғаш рет мамырда Мпумаланга және Гаутенг провинцияларында, елде пандемияның үшінші толқыны басталғанда табылған. Бір айдан кейін ол Квазулу-Натал және Лимпопо провинцияларында, сондай-ақ Англия мен Қытайда анықталған.

Қазіргі уақытта штамның қауіптілік дәрежесі бағаланып жатыр - нұсқаны антиденелер қаншалықты бейтараптандыра алатыны және штамм вакцина алған адамның иммунитетін жеңе ала ма анықтау үшін зертханалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. C.1.2 құрылымы дельта штамына ұқсас, бірақ мутацияға көбірек ұқсайды.

Реклама
Реклама

Жұқпалы аурулар жөніндегі маман және С.1.2-ні зерттеу авторларының бірі Ричард Лесселлстің айтуынша, бұл штамның пайда болуы "пандемия әлі аяқталған жоқ және вирус адам ағзасына жұғудың жақсы тәсілдерін әлі де зерттеп жатыр" дегенді білдіреді.

Сарапшылар зерттеулердің аралық нәтижелерін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДҰ) берген.

Айта кетейік, қазір ең жұқпалы штамм - "дельта": ауруханаға жатқызылғаннан кейін екінші немесе үшінші күні науқастың жағдайы күрт нашарлайды, сондықтан олар өздігінен дем ала алмайды және реанимацияға жатқызуды қажет етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram