Африкада ресейлік үш журналист өлтірілген

© instagram.com

Орталық Африка Республикасында ресейлік үш журналист өлтірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей Федерациясының СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 30 шілдеде Орталық Африка Республикасында өзімен бірге журналист екенін көрсететін құжаттар болған - онда Кирилл Радченко, Александр Расторгуев пен Орхан Джемальдің есімдері көрсетілген.

"Ресейдің Орталық Африка Республикасындағы елшілігі елге ресейлік журналистердің келгені жайлы білмеген. Қазіргі уақытта біздің дипломаттар ресейлік журналистердің өлімінің мән-жайын анықтап, олардың денелерін Ресейге жеткізу шараларын жүргізу мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен үкіметтік құрылымдармен тығыз байланыста", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

БАҚ мәліметінше, ресейліктердің денесі Сибут қаласынан 23 шақырым жерден табылған. Айтуларынша, оларды қаруланған адамдар өлтіріп кеткен. Ресейдің Тергеу комитетінің өкілдері осы дерек бойынша іс қозғады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама