14 тамыз 2020 | 17:24

Африкада тас ғасырындағы матрас табылды

Оңтүстік Африкадағы Витватерсранд университетінің ғалымдары осыдан 200 мың жыл бұрын пайдаланылған матрасты тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Science басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Африкадағы Витватерсранд университетінің ғалымдары осыдан 200 мың жыл бұрын пайдаланылған матрасты тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Science басылымына сілтеме жасап.

Матрас Лебомбо тауындағы үңгірлердің бірінен табылған. Мұнда матрастан бөлек түрлі сүйектер, ескі құралдар және тағы басқа материалдар табылған. Ғалымдар бұл заттар бұрынғы заманда адамдардың қалай өмір сүргенін білуге септігін тигізетінін айтады.

Реклама
Реклама

 Фото: Daily Mail

Science басылымының мәліметінше, адамдар бұл матрасты жасау үшін шөптерді пайдаланған. 

 Фото: Daily Mail

Сондай-ақ, ғалымдар матрастың маңынан күл тапқан. Олар бұл күлді адамдар түнде құрт-құмырсқадан қорғану үшін матрастың астына салды деп болжам жасап отыр.

Ғалымдар шөптердің үлгілерін зерттеу үшін микроскопиялық және химиялық әдістерді пайдаланған.

Сонымен қатар, олар үңгірден екі тісті тапқан. Осылайша, ғалымдар матрастағы шөптің қашан пайдаланылғанын анықтаған.

Алайда Хайф университетінің археологы Дани Надельдің айтуынша, тек тістен алынған мәліметке сену дұрыс емес. Ғалымдар бір тіске кемінде 200 мың жыл уақыт болса, екіншісі бұл мерзімнен сәл асатынын жеткізді.

"Кей кездері мұндай мәлімет нақты болмайды", - дейді ғалым.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная