02 маусым 2020 09:53

Афроамерикалық Флойд қылғындырудан қайтыс болған - сараптама

Фото The Telegraph

Миннеаполистегі ресми сот-медициналық сараптама афроамерикалық Джордж Флойдты қылғындырудан өлді деген қорытынды шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Миннеаполистегі ресми сот-медициналық сараптама афроамерикалық Джордж Флойдты қылғындырудан өлді деген қорытынды шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Хеннепин округінің (Миннесота штаты) сот-медициналық сараптамасы таратқан баспасөз релизінде "өлімнің себебі" деген жолға "құқық қорғау органдарының қызметкері "қысып және мойнынан қылғындырғаннан кейін жүрек-өкпе қызметі тоқтап қалған" деп жазылған.

Реклама
Реклама

"Полицейдің танысы болып шықты". АҚШ-ты дүрліктірген істің мән-жайы анықталды

Қайтыс болу себебі "өлтіру" деп көрсетілген.

Басында дәрігерлер Флойд қылғындырудан қайтыс болды деп есептемеді. Кейін оның отбасы мәйітті тәуелсіз мамандарға тексертіп, нәтижесінде оны тұншықтырған деген қорытынды шыққан болатын. Енді бұл шешімді ресми сот-медицина сараптамасы растады.

АҚШ-та афроамерикалық жігіттің өлімі халықтың ашуын тудырды

Еске салайық, Флойдты 25 мамырда полицейлер ұстаған. Содан соң бір полицей сегіз минут бойы тізесімен мойнынан басады. Флойд қарсылық білдірмеген, қолында кісен болған. Оның өлімінен кейін елде жаппай наразылық шаралары басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram