Әйелді төрт жасар баласының көзінше өлтіріп кеткен

Әйелді төрт жасар баласының көзінше өлтіріп кеткен

Ресейдің Раменск қаласында әйелді төрт жасар баласының көзінше өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейдің Раменск қаласында әйелді төрт жасар баласының көзінше өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, бала ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, 25 жастағы келіншекті күйеуі өлтірген.

Куәгерлердің айтуынша, әйел баласымен бірге ауладағы ойын алаңдарының бірінде серуендеп жүрген. Бір сәтте көлік тоқтап, ер адам жүгіріп шығып, әйелді пышақтай бастаған. Артынша оқиға орнынан жасырынған. Басылымның мәліметінше, әйел 20 пышақ жарақатын алған.

Жарнама
Жарнама

Кейінірек полицияның баспасөз қызметінің басшысы басылымға күдіктінің көлігі Ногинск қаласынан табылғанын хабарлаған. Сондай-ақ, күдіктінің ұсталғаны айтылады.

Қазіргі уақытта тергеушілер куәгерлерден жауап алып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама