Airbus A320 ұшағы Францияның оңтүстігінде апатқа ұшырады - БАҚ

Airbus A320 ұшағы Францияның оңтүстігінде апатқа ұшырады - БАҚ Germanwings компаниясының Airbus A320 жолаушылар ұшағы ©REUTERS

Airbus A320 ұшағы Францияның оңтүстігінде апатқа ұшырады, - деп хабарлайды РИА Новости La Provence газетінің сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Жоғарғы Прованс Альпы департаментінде болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жайлы хабарланбай отыр. 

Сонымен қатар, агенттіктің мәліметінше, ұшақ GERMANWINGS компаниясының меншігі және Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған. Ақпарат құралдарының мәліметінше, әуе лайнерінің бортында 142 жолаушы және экипаждың сегіз мүшесі болған.

Жарнама
Жарнама

Ақпарат құралдарында жарияланған нақтыланған ақпаратқа қарағанда, Францияның премьер-министрі әуе кемесінің апатқа ұшырағанын растады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама