Ақ үй Байден мен Путин сағат қаншада кездесетінін айтты

Камила Долаева Журналист
Фото ©REUTERS

Ақ үй АҚШ президенті Джо Байденнің Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуі қаншада басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Ақ үй АҚШ президенті Джо Байденнің Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуі қаншада басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

АҚШ пен Ресей президенттерінің Женевадағы кездесуі 16 маусымда жергілікті уақыт бойынша 13.35-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 17.35-те) басталады деп хабарланды. Кездесу басталардан 10 минут бұрын Байден Путинмен және Швейцария президенті Ги Пармеленмен суретке түседі.

Делегациялар қатысатын Байден мен Путиннің кеңейтілген кездесуі Нұр-Сұлтан уақытымен 18.55-те басталады, ал 20.40-та осы кездесудің екінші кезеңі өтеді.

Реклама
Реклама

Ақ үй мәліметінше, Байден Путинмен кездесуден кейін баспасөз мәслихатын өткізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама