06 желтоқсан 2021 | 09:49

АҚШ 2022 жылғы Олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялауы мүмкін - БАҚ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©️ Reuters

Осы аптада АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялайды деп күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осы аптада АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялайды деп күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN арнасына сілтеме жасап.

Президент Джо Байден өткен айда журналистерге Демократиялық және Республикалық депутаттар, соның ішінде Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосимен бірге "Қытайдағы адам құқықтарының бұзылуына наразылық білдіру үшін" дипломатиялық бойкот жариялауға дайын екенін айтты.

Дипломатиялық бойкот Олимпиадаға АҚШ үкіметінің бірде-бір шенеуніктерінің қатыспауын және америкалық спортшылардың жарыстарға қатысуына кедергі келтірмейтінін білдіреді.

Реклама
Реклама

Бірнеше дереккөз CNN-ге Байден өз шешімін осы аптада қабылдап, жариялайтынын айтты. Бойкотты жеке талқылаған Ұлттық қауіпсіздік кеңесі түсініктеме беруден бас тартты.

Толық бойкот болмайды, яғни АҚШ спортшыларына жарыстарға қатысуға рұқсат беріледі. Соңғы рет АҚШ бұрынғы президент Джимми Картер билікте болған 1980 жылы Олимпиадаға толық бойкот жариялаған болатын.

Еске салайық, осыған дейін АҚШ Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялау мүмкіндігін қарастырып жатқанын президент Джо Байден растаған болатын.

Екі партия белсенділері мен Конгресс мүшелері АҚШ үкіметінің Қытайды Шыңжаңның батысындағы мұсылман этникалық топтарына қарсы геноцид жасады деп айыптауын ескере отырып, Байден әкімшілігінің бұл шараға дипломатиялық бойкот жариялауын талап етті, ал Бейжің мұны жоққа шығарды.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки кезекті брифингте АҚШ-тың қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялауын қарастыруына Шыңжаңдағы адам құқықтарына алаңдаушылық себеп болғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram